Біз не ұсынамыз
ТЖҚ бойынша оқыту ұйымдардың қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының
мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес өтеді. «Ұйымдардың қызметкерлерін және халықты өрт
қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен бекітілген (ҚР ІІМ-нің
16.09.2015 жылғы № 777 бұйрығына өзгерістермен).
Өндірістен қол үзіп өрт-техникалық минимумды оқыту:
• өрт қауіпсіздігі үшін жауапты басшылар мен тұлғалар;
• А, Б, В жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс санаттары бар өндірістік объектілер
мен сақтау объектілерінің, адамдар жаппай жиналатын объектілердің қызметкерлері;
• газбен, электрмен дәнекерлеу, бензинмен кесу, дәнекерлеу шамдарын, алауларды, шілтерлерді
пайдалана отырып, битумды қайнату және жылу мен ұшқын бөліп шығару жұмыстарын
орындайтын қызметкерлер.
Өндірістен қол үзбей өрт-техникалық минимумды оқыту:
• өрт қауіпті жұмыстарды (желімдермен, мастикалармен, битумдармен, полимерлік және басқа
да жанғыш заттармен және материалдармен, газбен дәнекерлеу жұмыстарымен, электрмен
дәнекерлеу жұмыстарымен, металл кесу жұмыстарымен, дәнекерлеу жұмыстарымен және басқа
да өрт қауіпті жұмыстармен) жүзеге асыратын қызметкерлер;
• ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері;
• педагогикалық қызметкерлер;
• электриктер;
• жеке күзет ұйымдарының күзетшілерін қоспағанда, ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын
қызметкерлер;
• автожанармай құю станцияларының қызметкерлері.
Жұмыс беруші тарапынан оқыту жөніндегі талаптар бұзылған жағдайда мынадай жауапкершілік шаралары көзделеді:
• жауапты лауазымды тұлғалар үшін - айыппұл мөлшерінде (теңге);
• заңды тұлғалар үшін - мөлшерінде айыппұл (теңге) немесе бір тәулікке дейінгі кезеңге қызметін
әкімшілік тоқтата тұру.
Қайта бұзушылық анықталған жағдайда 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге
дисквалификациялануы мүмкін.
Хаттама
Куәлік (белгіленген үлгідегі)
Басымдық - қауіпсіздік
Біз көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті сарапшылардың қолдауымен сенімді және заңгерлік қызметтерді ұсынамыз.
Copyright © 2024 Integro Expert | Powered by IPROD.KZ