Жазатайым оқиғаларды тергеу

Он лайн-платформада қолжетімді.
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – бұл жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде оның өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан олардың еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты түрде айрылуына не қайтыс болуына әкеліп соққан, оған зиянды және қауіпті өндірістік фактордың әсер етуі.

Категория:
Жазатайым оқиғаларды тергеу.

Онлайн платформаға өту үшін белгішені басыңыз

Тыңдаушылар санаты:
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты ұйымдардың басшылары мен мамандары.

Оқу уақыты:
Онлайн платформаға өту үшін белгішені басыңыз

Бекітілген оқу бағдарламасы бойынша.

Оқыту түрі:
Kүндізгі, сырттай (қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып).

Берілетін құжаттар:
Сертификат, куәлік.

Құжаттардың қолданылу мерзімі:

Қызметкерлер- кемінде жылына бір рет, ал басшылар кемінде үш жылда бір рет оқу орталығында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.

Жұмыс беруші тарапынан жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі талаптар бұзылған жағдайда мынадай жауапкершілік шаралары көзделеді:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі.

95 бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек туралы заңнамасының талаптарына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

96 бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау

  1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау, – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік), – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР-ның қылмыстық Кодексі.

156 бап. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу

  1. Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаған, абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзу – жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза қолданылады.
  2. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет-белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынып, мерзімі үш жылға дейін белгілі бір лаузымға орналасуға немесе белгілі сала түрімен айналысу құқығынан айырылады.
  3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет-белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
  4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс – әрекет-үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Пайдалы материалдар

Сұрақтар мен жауаптар (FAQ)

Бағалар тізімі

Құжаттама

Бізге жазыңыз

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер белгіленген *

    shape
    shape
    shape
    #unicoach_search_63835518a7078:hover { color: rgba(30,40,69,1) !important; }.elementor-element-bf03b2c .slick-slider .slick-list { margin-left: px;margin-right: px; } .elementor-element-bf03b2c .slick-slider .slick-list { padding-left: px;padding-right: px; }