Он лайн-платформада қолжетімді.
Аталған оқыту курсы Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы 13.07.1999 ж. № 416-I Заңына (16.11.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес компанияның терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін басшылары мен қызметкерлеріне нұсқаулық өткізуге және оқытуға бағытталған.
Категория:
Терроризмге қарсы қауіпсіздік
Онлайн платформаға өту үшін белгішені басыңыз
Берілетін құжаттар:
Сертификат
Оқу уақыты:
Бекітілген оқу бағдарламасы бойынша.
Құжаттардың қолданылу мерзімі:
1 жыл
Жұмыс беруші тарапынан оқыту жөніндегі талаптар бұзылған жағдайда мынадай жауапкершілік шаралары көзделеді:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабына сәйкес 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.
Террористік тұрғыдан осал объект меншік иесінің не иеленушісінің не басшысының өзіне сеніп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы:
– Жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
Жоғарыда көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.